Ол ұлттық құрамамен 2030 жылға дейін келісімшарт жасады
Әйгілі жаттықтырушы Юрген Клопп ресми түрде Германия ұлттық құрамасының бас бапкері атанды. Бұл туралы Германия футбол одағының (DFB) президенті Бернд Нойендорф мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, Клопппен жасалған келісімшарт 2030 жылғы әлем чемпионатының соңына дейін жарамды.
Юрген Клоптың соңғы жұмыс орны – «Ливерпуль» клубы. Ол ағылшын командасын 2015 жылдан 2024 жылға дейін жаттықтырды. Ал оған дейін Германиядағы дортмундтық «Боруссия» мен «Майнцты» басқарған. Кейін Red Bull компаниясының құрылымында басшылық қызмет етті.
Айта кетейік, Германия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын 1/16 финалда Парагвайдан пенальти сериясында 3:4 есебімен жеңіліп (негізгі уақыт – 1:1), жарысты аяқтаған еді. Осы жеңілісінен кейін ұлттық құраманың бас бапкері Юлиан Нагельсман қызметінен босатылды.