Солтүстік Қазақстан облысында елік аулауға рұқсат берілді

Автор: Асқарова Қарлығаш

Өңірде сібір елігінің аталықтарын аулау маусымы басталды

Фото: © freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысында сібір елігінің аталықтарын аулауға рұқсат берілді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, трофейлік аңшылық маусымы 15 шілдеден басталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алайда аңшылық тек заңда белгіленген тәртіппен және рұқсат етілген мерзімде жүргізілуі тиіс. Полиция аңшыларға қауіпсіздік талаптарын сақтап, аң аулау ережелерін бұзбауға шақырды. Сондай-ақ табиғатқа жанашырлықпен қарап, жануарлар дүниесін қорғау әр аңшының жауапкершілігі екенін еске салды.

Ведомствоның айтуынша, аңшылықты заң талаптарына сай жүргізу өңірдегі жануарлар санын сақтауға және табиғат тепе-теңдігін бұзбауға көмектеспек.