Түлкібаста екі жасар бүлдіршін дәретханаға құлап, көз жұмды

Ол тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын әжетханаға құлап кеткен

Түлкібаста екі жасар бүлдіршін дәретханаға құлап, көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының Түлкібас ауданынында екі жасар бүлдіршін дәретханаға құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға 22 шілде күні болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 2024 жылы туған бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып, ауладағы тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын әжетханаға құлап кеткен. Құтқарушылар келіп баланың денесін сыртқа шығарған, алайда сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады.

«Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел медициналық жәрдем қызметінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының күштері жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен баланың денесі сыртқа шығарылды», – дейді Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі.