24.07.2026, 11:40
Жаңалықтар
Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады – алдағы демалысқа арналған ауа райы болжамы
Батыс пен солтүстік-батыста +38...+43°C ыстық болады
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT
Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» мәліметінше, елдің шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Ал батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық қайта күшейеді», – делінген синоптиктер болжамында.
Күндіз ауа температурасы:
- батыс пен солтүстік-батыста +38...+43°C;
- солтүстікте +30...+35°C;
- орталықта +28...+39°C;
- оңтүстікте +36...+41°C;
- оңтүстік-шығыста +29...+37°C;
- солтүстік-шығыс пен шығыста +23...+32°C болады.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды