ОСК тағы халықаралық 10 байқаушыны тіркеген
23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауға шетелдік байқаушыларды тіркеудің қазіргі жағдайы жайлы орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ОСК Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысатын тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.Осылайша бүгінгі таңда ОСК шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 96 халықаралық байқаушыны аккредиттеді», - деді ол.
Құрылтай депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын аккредиттеу 17 тамыз күні сағат 18:00-де аяқталады.