Шу теміржол стансасында әйел адамды пойыз қағып кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр

Фото: Видеодан скрин

Жамбыл облысындағы Шу қаласының теміржол стансасында рельстен өтіп бара жатқан әйелді пойыз қағып кеткені туралы видео жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің айтуынша, әйел теміржол рельстерінен өтпек болған сәтте пойыз қағып кеткен. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жылдам тарады.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде, аталған іс бойынша 20 шілдеде Шу стансасындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігі қозғалысы мен оны пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.