Оған кәріз жүйесі құбырының зақымы себеп болған
Желіде Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында төбенің бір бөлігі опырылып түскені жайлы видео жарияланды. Кадрлардан панорамалық терезенің жанында еденде шашылып жатқан төбе жабындысының сынықтарын көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі жағдай сағат 19:45-те вокзал кешенінің үшінші қабатында болғанын растады. Компанияның мәліметінше, бұған нөсер канализациясы жүйесі құбырларының қосылған жері зақымдануы себеп болған.
Мамандар ақауды жойып, құбырлардың қосылыстарын қалпына келтірді, содан кейін бүлінген учаскені тазалап, ретке келтірді.
«Сондай-ақ зақымдалған учаскені қызметкерлер тазалап, бөгде заттарды сыртқа шығарды», -деп хабарлады баспасөз қызметі.