Жаңбыр, +38 градус ыстық: 23 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Елдің көп өңірінде найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жауса, батыста аптап ыстық сақталады

Жаңбыр, +38 градус ыстық: 23 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: © istockphoto.com

23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Ал елдің батысында ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ауа райы Павлодар, Семей, Өскемен, Тараз, Шымкент, Қонаев, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында күрделірек болады деп болжанып отыр. Бұл қалаларда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбірінде бұршақ, екпінді жел және қатты жауын-шашын болуы мүмкін.

Павлодарда синоптиктер қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжап отыр. Өскемен мен Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Астанада да күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Орал, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбеде айтарлықтай жауын-шашын болмайды. Ең жоғары ауа температурасы Атырауда күтіледі – күндіз +38 градусқа дейін ысиды. Қызылордада ауа температурасы +35…+36, ал Оралда +33…+35 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік және орталық өңірлерде ауа райы біршама салқын болады. Күндіз Астанада +23…+25, Қарағандыда +22…+24, Көкшетауда +25…+27, ал Петропавлда +29 градусқа дейін жылы болады.

Қазақстан қалаларындағы ауа райы:

Астана – көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +23…+25 градус.

Алматы – көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта жел күшейеді. Түнде +19…+21, күндіз +29…+31 градус.

Шымкент – көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл және екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +30…+32 градус.

Қонаев – көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта жел күшейеді. Түнде +19…+21, күндіз +31…+33 градус.

Талдықорған – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +17…+19, күндіз +29…+31 градус.

Тараз – көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус.

Түркістан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді болады. Түнде +20…+22, күндіз +33…+35 градус.

Қызылорда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +34…+36 градус.

Атырау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +22…+24, күндіз +36…+38 градус. Бұл – елдің ірі қалалары арасындағы ең жоғары температура.

Ақтау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +22…+24, күндіз +32…+34 градус.

Ақтөбе – ашық. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +30…+32 градус.

Орал – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.

Қарағанды – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус.

Жезқазған – көшпелі бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +17…+19, күндіз +25…+27 градус.

Павлодар – бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +24…+26 градус.

Семей – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Түнде +17…+19, күндіз +27…+29 градус.

Өскемен – көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус.

Петропавл – көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жел күшейеді. Түнде +14…+16, күндіз +27…+29 градус.

Көкшетау – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +25…+27 градус.

Қостанай – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16…+18, күндіз +28…+30 градус.