22.07.2026, 14:56
Жаңалықтар
Бурабайда көл жағасында демалып жүргендер жанжалдасып, артынша пышақтасып кетті
Полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: istockphoto.com
Бурабай ауданындағы көл жағасында демалушылар арасында жанжал шығып, соңы пышақтасуға ұласты. Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төбелес Щучинск қаласындағы «Большой забой» жағажайында болған. Жергілікті тұрғындар арасындағы келіспеушілік салдарынан бір ер адамның сол жақ білегі мен сол қолы тілініп кеткен.
Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды, қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады полиция өкілдері.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды