Полиция департаменті тұрғындарды қайыршылықты қолдамауға шақырады
Астана полициясы қайыр сұраудың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмысты күшейтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының полиция қызметкерлері қайыр сұраудың, сондай-ақ қоғамдық орындарда азаматтарға тиісіп, мазасын алудың өзге де фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Бұл бағыттағы жұмыс барысында адамдар көп жиналатын, мұндай құқық бұзушылықтар жиі кездесетін орындарға ерекше назар аударылады.
«Өтіп бара жатқан азаматтардан ақша сұрау, түрлі қызметтерді күштеп ұсыну, бал ашу, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын адамдардың тауарларды сату, сатып алу немесе айырбастау мақсатында азаматтарға тиісіп жүгінуі әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген ПД хабарламасында.
Астана қаласының Полиция департаменті тұрғындарды қайыршылықты қолдамауға шақырады.