Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның екі елдегі елшісін қызметтерінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды; Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.