Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшісін тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.