11 жастағы бала жоғарыдан құлап көз жұмды: Эльбрусқа ұлымен шыққан ер адам жазалануы мүмкін
Олар биіктіктен құлап кеткен
Әкесі Эльбрус тауына 11 жастағы ұлымен аттанған, бірақ бұл шыңды бағындыру қайғылы жағдаймен аяқталды. Құтқарушылар туристерге жеткенде, бала қайтыс болып кеткен, ал ер адам жарақат алып, шұғыл көмекке мұқтаж болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Роман М. мен оның ұлын құтқарушылар 4200 метрге жуық биіктен тапқан. Дегенмен, күннің батуы мен ауа райының күрт нашарлауына байланысты эвакуацияны бірден жүргізу мүмкін болмады. Жараланған әке көмекті түнде қаза тапқан баласының мәйітінің қасында жатып күткен.
Тек таңертең құтқарушылар операцияға кірісе алды. Оған төтенше жағдайлар қызметінің 12 қызметкері жұмылдырылды. Ер адамды Эльбрустан эвакуациялап, 11 жастағы баланың денесін таудан төмен түсірді.
Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, әкесі мен ұлы Эльбрус беткейінен құлап кеткен. Салдарынан мектеп оқушысы қаза тауып, ал ер адамның екі аяғы сынған. Бұл әрекеті үшін ер адам жазалануы мүмкін.