Құрманғазы ауылындағы үйден шыққан жыланның видеосы тарады
Threads әлеуметтік желісінде Атырау облысының Құрманғазы ауылында түсірілген видео тарады. Онда жуынатын бөлмедегі қолжуғыштың су ағатын тұсынан жыланның шығып келе жатқаны көрінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео авторлары кадр сыртында жыланды қалай ұстауға болатынын талқылап, олардың бірі оны кәдімгі пакетпен жабуды ұсынады.
Пікір қалдырған желі қолданушылары жұртты сабырға шақырды. Олардың айтуынша, видеода улы емес сарыбас жылан бейнеленген. Бұған оның басының маңындағы өзіне тән сары дақтар дәлел.
Желідегі мәліметке сүйенсек, Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бұл оқиға бойынша ешқандай өтініш түспегенін хабарлады. Сондықтан аталған жағдай ресми түрде тіркелмеген.