Jýsan Bank шығынға батып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Үздік үштікке АТФБанк және Kaspi Bank еніп отыр

Фото: inform.kz

Қазақстанда ең ірі 10 банктің екеуінде өткен жылмен салыстырғанда табыс көлемі төмендеген және тағы біреуі шығынға батқан. Бұл уақытта кей қаржы институттары табысын 1,5 есеге өсіріп отыр, деп жазады Рэнкинг.

8 ай ішіндегі ең жоғары көрсеткіш ForteBank-ке тиесілі +51,1%,  Оған банк арқылы жүретін бөлшек сауданың өскені әсер еткен. Және ForteBank картасын ұстайтындар көбейді. Бұл онлайн-қызметтер мен мобильді қосымшаларды дамытумен байланысты. Сондай ақ, тұтынушыларға картаны тегін жеткізіп беру оң әсерін тигізген.

Үздік үштікке АТФБанк (+48,5%) және  Kaspi Bank (+46,9%) еніп отыр. ForteBank  201,2 млрд тг,  АТФБанк 126,6 млрд тг, Kaspi Bank — 240 млрд тг-ге дейін жеке капиталын ұлғайтып отыр.

Табыстың қысқарғанына қарамастан, Қазақстандағы ЕДБ-ның жеке капиталы тамызда 3,18 трлн теңгені құрады. Бұл былтырғыдан 11% көп. Ірі банктар ішінде  табысы қысқарған Jýsan Bank (−65,9 млрд тг) және Ситибанк (−19,5 млрд тг).

Еске салайық, банктің жеке капиталы активтің қанша бөлігі қаржы институтының өз қаражатынан қаржыландырғанын көрсетеді. Жеке капиталдың болуы қаржылылық тұрақтылықтың бірден бір көрсеткіші.

Тегтер: