Лайк пен қаралым қуып, қауіпті әрекетке барған: Жамбылда жастар жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Полиция дер кезінде қауіпті әрекеттерді тоқтатты
Лайк пен қаралым қуғандардың қауіпті әрекеті жауапсыз қалмады. Жамбыл облысында қозғалыстағы көліктің терезесінен денесін сыртқа шығарып, әсерлі видео түсірмек болған азаматтар мен оларды тасымалдаған жүргізушілер полицияның назарына ілігіп, жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция дер кезінде қауіпті әрекеттерді тоқтатты. Көлік жүргізушілері жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
«Полиция әлеуметтік желілерде әсерлі бейне түсіруге немесе көп қаралым жинауға деген ұмтылыс адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті ақтай алмайтынын ескертеді. Бір ғана абайсыз әрекет ауыр зардаптарға әкеліп, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін», - делінген хабарламада.