Ол жұптық сында өнер көрсетті
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өткен WTA 250 санатындағы турнирдің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз армениялық Алина Чараевамен бірге жұптық сында финалға дейін жетті.
Шешуші матчта Құламбаева мен Чараева чехиялық Анастасия Децюк пен ресейлік Ирина Хромачеваға қарсы ойнады. Кездесу үш сетке созылып, 4:6, 6:2, 10:5 есебімен қарсыластарының пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева WTA турнирінің финалында алғаш рет өнер көрсетті.