«Қазақстан Темір жолы» компаниясына жаңа басшы келді

Ірі ұлттық компанияны Елжас Отыншиев басқаратын болды

«Қазақстан Темір жолы» компаниясына жаңа басшы келді
Фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Елжас Отыншиев «Қазақстан темір жолы» ҰК» Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Самұрық-Қазына» компаниясының ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 

Ол Мәскеу физика-техникалық институтының бакалавриаты мен магистратурасын «Жалпы және қолданбалы physical» (Жалпы және қолданбалы физика) мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде Бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты болып бастаған.

2009–2019 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ және оның еншілес компанияларында жұмыс істеді. 2021–2023 жылдары KIDF-те басқарушылық лауазымдарда қызмет атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті.

2023 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндеге басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда Қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да секторлардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.

2024 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

2023 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.