Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған
Бүгін түнде Аршалы ауданының Жібек жолы кентіндегі демалыс базасының аумағында монша өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысы ТЖД, Астана қаласы ТЖД және Жібек жолы кентінің АҚ күштері мен құралдарының үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп – жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу.