Тағы 3 қазақстандық кәсіпорын Қытайға сүт экспорттайды – АШМ

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта 6 кәсіпорын өз өнімдерін Қытайға экспорттай алады

Фото: ашық дерек көздерінен

Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарының кәсіпорындары өз сүт өнімдерін Қытайға экспорттай алатын болды, деп хабарлайды ҚР АШМ.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР-ның Бас кеден басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде, тағы үш қазақстандық сүт өңдеуші кәсіпорын Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіміне енді. Олар: «Гормолзавод» ЖШС (Көкшетау, Ақмола облысы), «Дәулет-Бекет» (Талдықорған, Алматы облысы) және «Лидер-2010» (Рудный, Қостанай облысы)»,- делінген хабарламада.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы сапары аясында Бейжіңде сүт және сүт өнімдерін экспорттауға ветеринариялық-санитарлық талаптар туралы хаттамаға қол қойды. Сол кезде Алматыдағы «Фудмастер», Қарағандыдағы ​​«Евразия Инвест LTD» және Түркістандағы «Golden Camel Group LTD» сияқты  үш компания өз өнімдерін көрші мемлекетке сату құқығын алған болатын.