Жауын-шашын үйлердің шатырын тесіп жіберген
Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Самарка ауылында көлемі бөдененің жұмыртқасындай болатын бұршақ жауды деп хабарлайды «Хабар-24».
Тұрғындардың айтуынша, жауын-шашынның зияны олардың бау-бақшасындағы жасыл түйнектерге тиген. Ал бір үйдің тіпті шатырын тесіп өткен.
Instagram желісінде Қарағанды облысы Абай ауданы Самарка ауылының тұрғындары бөдене жұмыртқасындай ірі бұршақ жауғанын көрсететін фотоларды салған. Олар жауын-шашын бақшадағы жемістер мен көкөністерге зақым келтірді деп шағымдануда.
Қарағанды облысында жаңбыр мен бұршақ түрінде жауын-шашын болатыны туралы бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған еді. Әзірге жауын-шашын салдарынан келген шығын көлемі белгісіз.