Қазақстан жасанды интеллект саласындағы WAICO ұйымның құрылтайшы мемлекеті атанды
Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады
Қазақстан жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (WAICO) құрылтайшы мемлекеті атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасының атынан World Artificial Intelligence Cooperation Organization (WAICO) құру туралы келісімге Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қол қойды. Министрліктің ресми сайты хабарлағандай, 29 елдің өкілдері келісімге қол қойып, жаңа халықаралық ұйымның құрылтайшы мемлекеттері болды.
«Салтанатты рәсімге БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Келісімге сәйкес, WAICO қызметі Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптеріне сәйкес, кең консультациялар, бірлескен үлес, өзара пайда және адам мүдделерінің басымдығы негізінде құрылады», - деп хабарлайды министрлік.
Ұйымның мақсаты-халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жасанды интеллект саласындағы жаһандық басқаруды жетілдіру, жасанды интеллект технологияларының Қауіпсіз, әділ және адам игілігіне бағдарлануын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бүкіл адамзат мүддесі үшін тұрақты дамуына жәрдемдесу.