Ақмола облысында ер адам мотоциклімен бірге өзенге құлап, батып кетті

Автор: Асыл Арман

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды

Фото: freepik.com

Ақмола облысында ер адам абайсызда мотоциклімен бірге өзенге құлап, батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 13 шілде күні Ақкөл ауданына қарасты Мереке ауылының маңында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Song Ling маркалы мотоциклдің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, өзенге құлаған. Салдарынан жүргізуші суға батып, оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.