Оқиға 4 шілде күні Лисаковск қаласының Октябрьское кентінде болған
Қостанай облысының Лисаков қаласына қарасты Октябрьское кентінде бүлдіршіннің құдыққа құлап кетуіне байланысты полиция түсініктеме берді. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, үш жасар бала үйінен дүкенге шыққан. Жолда кәріз құдығының қақпағын басқан кезде ол ашылып кетіп, құдыққа құлаған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 4 шілдеде Лисаков қаласының Октябрьское кентінде болған оқиғаға байланысты тексеру ұйымдастырылған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Полицияның хабарлауынша, баланың заңды өкілінен ешқандай арыз түспеген, сондай-ақ өзге тұлғаларға қатысты қандай да бір шағым айтылмаған.
Сонымен қатар анықталған заңбұзушылықтар мен адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін кемшіліктерді жою туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға нұсқама енгізілген.
Аталған нұсқаманың орындалуы полицияның бақылауында.