Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Бір ағаш Алматының орталығында көршілер арасындағы дауға себеп болды

Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласында жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алмалы ауданындағы Наурызбай батыр көшесінде орналасқан тұрғын үйдің тұрғыны мен коммерциялық нысан иесі арасында туындаған дау туралы «102» арнасына хабарлама түсті.

Келіспеушілікке ағашты кесу мәселесі себеп болған. Кәсіпкердің айтуынша, ағаштың тамыр жүйесі ғимаратқа зиян келтіріп, жертөлені су басуына себеп болып отыр. Сондай-ақ ол ағашты кесуге қажетті рұқсат құжаттарын алғанын мәлімдеді.

Алайда жергілікті тұрғын ағаштың заңды түрде кесілгеніне күмән келтіріп, полицияға жүгінген.

«Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы барып, бастапқы материалдарды жинады. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде. Оның барысында барлық мән-жай жан-жақты зерделеніп, қажетті құжаттар сұратылып, жағдайға құқықтық баға беріледі», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.