Елордада қамыс арасынан шыға алмай қалған ер адам құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

1982 жылы туған ер адам өздігінен шыға алмай қалған

Фото: pixabay

Астанада қамыс арасында адасып, өздігінен шыға алмай қалған ер адамға құтқарушылар көмекке келді. ТЖМ қызметкерлері оған жету үшін өзеннің арғы бетіне өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Оқиға Сарыарқа ауданында болды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Сарыарқа ауданындағы Жасыл тоғай аумағында, сарқырама маңында болған.

1982 жылы туған ер адам қамыс арасында қалып, өздігінен шыға алмай қалған.

Құтқарушылар өзеннен өтіп, ер адамға жетті

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының мамандары аттанған.

Құтқарушылар өзеннен өтіп, қамыс арасында қалған ер адамға жетті. Кейін оны қауіпсіз жерге шығарып, бірге өзеннің екінші жағасына оралған.

Құтқарылған азаматқа медициналық көмек қажет болған жоқ.