Елдің бірқатар өңірінде аптап ыстық 45 градусқа дейін жетіп, шаңды дауыл, найзағай, бұршақ және өрт қаупі күтіледі
12 шілдеге Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының шығысы мен орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік және солтүстік-шығыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталып, орталығы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі жарияланған. Бұдан бөлек, 12–17 шілде аралығында облыстың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі.
Атырау облысында түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз оңтүстікте желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Осындай ауа райы Іле Алатауының таулы бөліктерінде, оның ішінде Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында да күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталып, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі жарияланған.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін. Түнде облыстың солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Сонымен қатар 12–15 шілде аралығында күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысының шығысында жоғары, ал солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстігі мен орталығында желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін күшейеді. Солтүстігінде жоғары, ал орталығы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетіп, күндіз кей жерлерде 23 метрге дейін күшейеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары, ал солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында да жел секундына 15–20 метрге дейін күшейіп, екпіні 23 метрге жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстік-батысы мен орталығында жоғары, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен шығысында жоғары, ал оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жауын-шашын облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Шығысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді, ал Алакөл көлдері маңында 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталып, батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі жарияланған.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.