Бурабайда электрлі рикша қоршауға соғылды: зардап шеккендер бар

Автор: Дәулет Ботагөз

Апаттан 1996 және 2008 жылғы екі бойжеткен зардап шекті

Фото: ТЖМ

Бурабайда электрлі рикша металл қоршауға соғылып, соның салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сүйенсек, төтенше жағдай жағалау аймағында болған. Оқиға орнына жақын маңда жүрген құтқарушылар апатты бірден байқап, көмекке ұмтылған. 

Соққы салдарынан көлік ішіндегі жолаушылар дене жарақатын алған. ТЖД мамандары зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмекті оқиға орнында көрсетті.

Апаттан 1996 және 2008 жылғы екі бойжеткен зардап шегіп, денелері көгерген және сырылған жарақаттар алған. Құтқарушылар оларға алғашқы көмек көрсетіп, жағдайларын бақылауда ұстады.Көп ұзамай зардап шеккен бойжеткендер оқиға орнына шақыртылған жедел жәрдем бригадасына аман-есен тапсырылды. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.