Жол апаты 10 шілде күні сағат 16:30 шамасында болған
Астана – Қарағанды тасжолында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан трассаның бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты 10 шілде күні сағат 16:30 шамасында тасжолдың 42-шақырымында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, көлік жол жиегіндегі қоршауға соғылған.
Жол апаты салдарынан аталған учаскеде ұзынсонар көлік кептелісі пайда болды. Оқиға орнына жол қызметтерінің мамандары жедел жетті. Мамандар қысқа мерзімде тасжолдың жүру бөлігін тазартты. Көліктердің қауіпсіз әрі кедергісіз өтуі үшін барлық жағдай жасалды. Тасжолдағы көлік қозғалысы сағат 20:30-да толықтай қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.