Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар рақымшылық шараларын 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтауы тиіс
2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияға байланысты қабылданған рақымшылық туралы заң аясында бірқатар әкімшілік айыппұл есептен шығарылады. Жеңілдіктер жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары сияқты жеке практикамен айналысатын азаматтарға қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Uchet.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда рақымшылық барлық салықтық құқық бұзушылыққа бірдей қолданылмайды. Кейбір айыппұлдар автоматты түрде есептен шығарылса, енді бірқатары толық көлемде өндіріліп алынады.
Айыппұлдың күші жойылуы үшін:
Рақымшылық негізінен салықтық әкімшілендіруге қатысты рәсімдік сипаттағы құқық бұзушылықтарға қолданылады. Атап айтқанда:
Заңда рақымшылық қолданылмайтын құқық бұзушылықтардың нақты тізімі көрсетілген. Бұл санаттағы айыппұлдар толық көлемде төленуі тиіс.
Олардың қатарында:
Рақымшылыққа іліккен азаматтарға ешқандай өтініш берудің қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер органдары мұндай айыппұлдарды автоматты түрде есептен шығаруға міндетті.
Сонымен қатар рақымшылыққа жататын айыппұлдар бойынша қозғалған атқарушылық өндірістер де тоқтатылады. Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар рақымшылық шараларын 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтауы тиіс.