Ер адам Семей тұрғындарынан жиһаз жасап беру сылтауымен ақша алып, өз міндеттемелерін орындамаған
Абай облысында жиһаз шеберіне сенген тұрғындар ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция қызметкерлері жұмсақ жиһаз жасауға байланысты алаяқтықтың жаңа эпизодтарын анықтады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Семей тұрғындарынан жиһаз жасап беру сылтауымен ақша алып, өз міндеттемелерін орындамаған.
Полицияға екі қала тұрғыны жүгінді. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 1,2 млн теңгеден асты.
«Күдікті анықталды. Қазіргі уақытта осыған ұқсас бірнеше эпизод бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Абай облысы Полиция департаменті ақша бермес бұрын орындаушы туралы ақпаратты тексеруді, жазбаша келісімшарт жасауды, сондай-ақ чектерді, түбіртектер мен хат алмасуларды сақтауды ұсынады.Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз, полицияға хабарласыңыз», – делінген облыстық ПД хабарламасында.