Шілденің шіліңгір ыстығы: алдағы үш күнде ауа райы 45 градусқа дейін барады

Автор: Асыл Арман

«Қазгидромет» болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

Алдағы үш күнде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, елдің батыс өңірлерінде бұршақ жауып, екпінді желдің күшеюі күтіледі. Ал шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

«Күтілетін жауын-шашынға қарамастан, ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы республиканың басым бөлігінде +33…+40°С, ал оңтүстігі мен оңтүстік-батысында +38…+45°С-қа дейін көтеріліп, қатты және өте қатты ыстық күтіледі», – делінген ауа райы болжамында.