ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы шұғыл медициналық эвакуация жүргізді
ШҚО-да Катонқарағайда жүрген ер адам шұғыл түрде тікұшақпен Өскемендегі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының экипажы санитариялық авиация бригадасымен бірге 1999 жылы туған ер адамды шұғыл эвакуациялау үшін Өскемен қаласынан Катонқарағай ауданына жедел ұшып шықты. Науқасқа шұғыл медициналық көмек қажет болған.
Ұшу барысында ұшқыштар тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, санитариялық авиация дәрігерлері науқастың жағдайын үздіксіз бақылап, қажетті медициналық көмек көрсетті.
«Ұшу сәтті аяқталды. Ер адам жедел түрде Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге жеткізіліп, әрі қарай ем қабылдайтын болды», – делінген ведомство хабарламасында.