Құтқарушылар арнайы «жыланұстағыш» құралдың көмегімен көмекке жетті
Астанадағы жер үйлердің бірінен жылан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне Сарыарқа ауданындағы Бесшатыр тұйығындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен жылан табылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Арнайы «жыланұстағыш» құралдың көмегімен бауырымен жорғалаушы қауіпсіз түрде ұсталып, алыс ашық аумаққа жіберілді.
«Зардап шеккендер жоқ. Егер үйіңізде немесе аулаңызда жылан байқасаңыз, оны өз бетіңізше ұстауға әрекет жасамаңыз. Қауіпсіз арақашықтықты сақтап, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз», – делінген ведомство хабарламасында.