Үйінді астында 33 адам қалып, оның бесеуін ғана құтқару мүмкін болды
Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясындағы көшкін салдарынан ондаған адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қытайдың CGTN мемлекеттік халықаралық медиажелісінің хабарлауынша, көшкін өткен тәулікте Луннань қалалық округіне қарасты Наньхэ кентінде болған.
Оқыс оқиға салдарынан үйінді астында 33 адам қалды. Олардың 21-і қайтыс болып, 7-еуі жеңіл жарақат алса, тағы 5 адам аман-есен құтқарылды.
Іздестіру-құтқару жұмысы толығымен аяқталды.