Компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның шешімімен оның өкілеттігі тоқтатылды
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның шешімімен оның өкілеттігі тоқтатылды.
«Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», – делінген ресми хабарламада.
Әзірге ҚТЖ-ның жаңа басшысы кім болатыны белгісіз.
Талғат Алдыбергенов Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі (Ресей), экономика ғылымдарының кандидаты.