«Қазгидромет» 5-7 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» 5-7 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Астанада жаңбыр мен найзағай күтілсе, Алматыда күн ашық болады. Ал Шымкентте аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
5 шілдеде ауа райы құбылмалы болады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.
6 шілдеде жаңбыр мен найзағай сақталады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.
7 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
5 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз ауа температурасы +28…+30°C дейін көтеріледі.
6 шілдеде жауын-шашынсыз, күн ашық. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
7 шілдеде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C.
5 шілдеде жауын-шашын болмайды. Күндіз +33…+35°C.
6 шілдеде күн ашық болады. Ауа температурасы +34…+36°C дейін көтеріледі.
7 шілдеде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Күндіз термометр бағаны +35…+37°C дейін жетеді.