Павлодар облысында көлге батып бара жатқан ер адам құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Оған жағалауда алғашқы медициналық көмек көрсетілді

Фото: © istockphoto.com

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде суға батып бара жатқан ер адамды құтқарушылар ажалдан арашалап қалды. Оған жағалауда алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жеткен

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 4 шілде күні 112 қызметіне Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар жүзу құралын пайдаланып, 1959 жылы туған ер адамды судан алып шыққан.

Ер адамға жағалауда реанимациялық көмек көрсетілді

Құтқарушылар жағаға шығарылған азаматқа бірден реанимациялық шаралар жүргізген.

Кейін зардап шегуші жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.

ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға шақырды.