Бұл қалаларда ауа сапасы нашарлауы мүмкін
5 шілде күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Осыған байланысты «Қазгидромет» тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, 5 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мына қалаларда күтіледі:
Ал Атырау қаласында мұндай жағдай түнгі уақытта болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің әлсіз соғуы немесе мүлде болмауы, тұманның түсуі және ауа қабаттарының инверсиясы сияқты табиғи құбылыстардың жиынтығы.
Мұндай кезде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды.
«Қазгидромет» тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автожолдар мен ластану көздеріне жақын жерлерде серуендеуді шектеуге кеңес береді.
Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар азаматтарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру ұсынылады.