Елдің бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ, екпінді жел күтілсе, оңтүстік пен батыста ауа температурасы 35–40 градусқа дейін көтеріледі
Синоптиктердің болжамынша, 4 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Сонымен қатар елдің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы кей жерлерде +34 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты болады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +24...+26 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +26...+28 градус.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +27...+29 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +32...+34 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +28...+30 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +26...+28 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +21...+23 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +26...+28 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +24...+26 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +29...+31 градус.
Петропавлда бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +22...+24 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +28...+30 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +27...+29 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +32...+34 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32 градус.