KASE-дегі доллар бағамы 2,39 теңгеге арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 472,03 теңгені құрап, 2,39 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 3 шілдеге белгілеген ресми доллар бағамы – 474,47 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 473,3 теңге, сату бағамы – 475,44 теңге.
Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 471,97 теңгеден сатып алып, 478,97 теңгеден сатып жатыр.
Шымкент қаласында доллардың орташа сатып алу бағамы 473,8 теңгені, ал сату бағамы 475,87 теңгені құрайды.