Алматы көш басында тұр
Қазақстанда 2026 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Бір жыл ішінде олардың саны 55,6%-ға өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде елде 15 835 электромобиль болған. Бұл көрсеткіш елімізде экологиялық көлікке деген сұраныстың қарқынды артып келе жатқанын аңғартады.
Электрокарлар қай өңірлерде көп?
Электромобильдер Қазақстанның барлық аймағында тіркелгенімен, олардың өңірлік үлесі әлі де біркелкі емес. Ең аз көрсеткіш Абай облысы (78 дана) мен Ұлытау облысында (41 дана) тіркелген.
Айта кетейік, елде экологиялық таза көліктердің көбеюі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясының мақсаттарымен үндеседі. Бұл жалпыұлттық жоба елді мекендерді абаттандыруға, қоршаған ортаны тазартуға және халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған.