Тұрғындар полицияға шағым түсірген
Астанада көпқабатты үйдің ауласында отшашу ұйымдастырып, жұрттың тыныштығын бұзған 27 жастағы қала тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елордалық азамат әпкесіне ерекше тосын сый жасамақ болып, түн ортасында тұрғын үйдің автотұрағында пиротехникалық бұйымдарды қолданған. Түнгі уақыттағы қатты дыбыстан шошыған тұрғындар бірден полицияға шағым түсірді.
Құқық қорғау органдары жедел тексеріс жүргізіп, құқық бұзушыны анықтады. Оған қатысты бірден үш бап бойынша әкімшілік іс қозғалды:
Сот қаулысымен кінәлі тұлға тиісті жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары кез келген мерекелік шара қоғамдық тәртіп аясында өтуі тиіс екенін ескертеді. Тұрғын үй аулаларында отшашу ату - өзгелердің демалысына кедергі келтіріп қана қоймай, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына да үлкен қауіп төндіреді.