Көрер жарығы бар екен: Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін екі жасар бала алты күннен соң құтқарылды (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Үйіндінің астында бала су мен ауқатсыз жатты

Фото: видеодан скриншот

Венесуэлада жер сілкінісінен кейін үйінділер астында алты күн жатқан екі жасар Клайбер Моран есімді сәби құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның тәтесі Андреина Сармиенто BBC News агенттігіне баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты.

«Оның қолдары мен аяқтарында тек жеңіл сызаттар ғана бар, басқа ештеңе жоқ», - деп атап өтті ол.

Клайбер Моран Венесуэланың Кариб теңізі жағалауындағы Ла-Гуайра штатындағы қираған үйінің астынан табылды. Бұған дейін бұл аймақтың табиғи апаттан ең қатты зардап шеккен аудан екені хабарланған болатын.

Сармиентоның айтуынша, баланы тек екінші талпыныстан кейін ғана құтқару мүмкін болған. Алғашында оған Ұлыбританиядан келген құтқарушылар жетпекші болғанымен, нәтиже шықпаған. Кейінірек Клайберді үйінді астынан Иорданиядан келген топ алып шықты.

Сармиенто өзінің үлкен әпкесі табылғанша жиеніне «аналық жылулықпен» қамқорлық жасауға уәде берді. Баланың 23 жастағы тәтесі Клайбердің ата-анасы әлі де тірі деген үмітін үзбейді.