Елорданың LRT жүйесіне «Tarlan Astana» атауы берілді

Автор: Асыл Арман

Астана әкімі тиісті қаулыға қол қойды

Фото: Ақорда

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жеңіл рельсті көлік жүйесіне «Tarlan Astana» атауын беру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тиісті қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды.

«Астана қаласының жеңіл рельсті көлік жүйесіне «Tarlan Astana» атауы берілсін», – делінген құжат мәтінінде.

Сондай-ақ қаулымен Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысына осы қаулыны іске асыруға байланысты қажетті іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Айта кетейік, осыған дейін әкімдік пен мәслихат «LRT» атауын «Тарлан Астана» деп ауыстыратыны хабарланған.