Елдің көптеген өңірінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Оңтүстік пен шығыста ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі
Қазақстанның басым бөлігінде 2 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Ал елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей өңірлерде ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +28...+30 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз қатты жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +27...+29 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +26...+28 градус.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Кей уақытта аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +24...+26 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +26...+28 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +22...+24 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +29...+31 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +25...+27 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +29...+31 градус.
Қостанайда бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ күтіледі. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +23...+25 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +27...+29 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +31...+33 градус.
Петропавлда бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +24...+26 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +34...+36 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +33...+35 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ күтіледі. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +23...+25 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты. Түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз шаңды дауыл көтеріледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +30...+32 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +25...+27 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.