Мемлекет басшысы Канаданың премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Асыл Арман

Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Канада халқына құт-береке тіледі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Канада премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні – ұлттық мейрамына орай осы елдің премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент еліміз Канадамен достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Канада халқына құт-береке тіледі», – делінген Ақорданың хабарламасында.