Қайғылы оқиға 27 маусым күні шамамен сағат 22:30-да Ақтөбе – Хромтау тасжолында болды
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан 19 жастағы бойжеткен көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты болған жерден түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. Оқиға 27 маусым күні шамамен сағат 22:30-да Ақтөбе – Хромтау тасжолында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік аударылып қалған. Салдарынан 19 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші аман қалған.
«27 маусым күні Хромтау ауданында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Көлік жүргізушісі қамауға алынды», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік сауалына берген жауабында.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.