Жасөспірімдер көлікті тек көңіл көтеру мақсатында айдап кеткен
Орал қаласындағы Есенжанов көшесінде жасөспірімдер тұрақта тұрған Lada Priora автокөлігін заңсыз айдап кеткен. Оқиға 29 маусым күні болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көлік иесі жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін автокөлігінің жоғалғанын байқап, бірден полицияға хабарласқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер көлікті тек көңіл көтеру мақсатында айдап кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдікті жасөспірімдерді қолға түсірді және оқиғаның мән-жайын анықтады.