Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтілсе, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі
Синоптиктердің болжамынша, 1 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғып, жел күшейеді. Сонымен қатар елдің оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +26...+28 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты болады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде қатты жаңбыр күтіледі. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +27...+29 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +23...+25 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +24...+26 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +26...+28 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +27...+29 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +27...+29 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +22...+24 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта шаңды дауыл соғады. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +28...+30 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең тұман болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +22...+24 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +29...+31 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градус.
Петропавлда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +21...+23 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +33...+35 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +31...+33 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты. Күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +33...+35 градус.
Оралда бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +18...+20 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +32...+34 градус.